Әдебиеттік оқу; 3 класс
Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып Мұғалім: Дусенбаева Р.А. Сабақ тақырыбы: Әйтеке бидің шешендігі. (100 бет) Жалпы мақсат: Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып, қорытынды жасау. Сілтеме: 1. Оқулық, дәптер 2. "Мың бір мақал,мың бір жұмбақ" 1992ж 3. Билердің портреттері, нақыл сөздері Оқушылар үшін оқу нәтижесі: Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу. Түйінді идеялар: Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз. Л. Сенека Тапсырма көздері: Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе. Сабақта қолданылатын материалдар: Сызбалар, билердің портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер Оқыту әдісі: СТО Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс Мұғалімнің іс-әрекеті: Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру Оқушының іс-әрекеті: Топпен жұмыс жасау, Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: 1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша қағаз алады. Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады. Топқа бөлу І- топ «Төле би » ІІ- топ « Қазыбек би » ІІІ – топ « Әйтеке би» Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті - Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді? Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: 1. Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі. 2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді. Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады. Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: 1. Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек. 1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер) 2 топ: Қазыбек би 3 топ: Әйтеке би 2. Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек. 1 топ: Отан туралы 2 топ: Отбасы туралы 3 топ: Бірлік туралы 3. Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек. 4. Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін. 1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру. 2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би. 3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.» Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға түсіреді. ( флипчарт) Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді. Оқушылар оқиды, түсіндіреді. Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті 1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Бағалау: Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады Кері байланыс (сұрақ-жауап) Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.
На странице приведен фрагмент.
Автор: Дусенбаева Рауза Ареновна
→ narma1977 22.10.2014 0 3915 867 |
Спасибо за Вашу оценку. Если хотите, чтобы Ваше имя
стало известно автору, войдите на сайт как пользователь
и нажмите Спасибо еще раз. Ваше имя появится на этой стрнице.