Сайыс. Білекті бірді, білімді мыңды жығар. 5-7 сынып.


Тақырыбы:
Білекті бірді, білімді мыңды жығады.
Мақсаты:
          Қазіргі заман талабына сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
•    Оқушыларды көп оқуға бейімдеу; білім жолында қанаттарын кең жаюына жол ашу;
•    Ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін шыңдау;
•    Тілді білуге құштарлық сезімдерін ояту;
•    Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру; тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Түрі:  
           Интеллектуалдық сайыс
(Зал шарлармен, өнер, білім жайлы жазылған мақал-мәтел, нақыл сөздермен әдемі безендіріледі)
1-жүргізуші:
-Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші:
-Қайырлы күн, аяулы шәкірттер!
1-2-жүргізуші:
-Қайырлы күн, қымбатты қонақтар!
1-жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
                     Білімдіні сүйерін білем елдің,-      деп ақын
Асқар Тоқмағамбетов ағамыз айтып кеткендей, қазір тек білімді, тәрбиелі, озық ойлы адам ғана өмірден өз орнын ойып тұрып алады.
2-жүргізуші:
-Олай болса, біз бүгінгі жастарымызға тек оқудан, ізденуден, тер төгуден жалықпаңыздар дегіміз келеді.
1-жүргізуші:
-Осындай жақсы тілектерден кейін біз сіздерге «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!-демекпіз.                 
2-жүргізуші:
-Бұл сайысқа орта буыннан 5 оқушыдан құралған 4 топ қатысады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
I бөлім. Таныстыру.
II бөлім. Кім көп біледі?!
III бөлім. Өнерлі өрге жүзер.
IY бөлім. Кім жылдам, кім тапқыр?!
1-жүргізуші:
-Ендеше, біздің бүгінгі сайысымыздың үміткерлерін ортаға шақырайық.
-Қошеметпен қарсы алыңыздар!
(Қатысатын 4 топ сахна төріне көтеріледі, топ басшылары сандықшадан келіп асық алады, сол асықта жазылған сан бойынша олардың реттері анықталады. Музыка ойналып тұрады)
2-жүргізуші:
-Енді осы сайысқа түсетін үміткерлерімізді бағалап отыратын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
1-жүргізуші:
-Ардақты да аяулы ұстаздар, қадірлі де қадірменді қонақтар, жеңсем деп үміттеніп келген үміткерлер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
2-жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Бүгінгі интеллектуалдық сайыстың
Жезтаңдай әнші әнмен бетін ашады.
Ән шашу.
1-жүргізуші:
-Құрметті сайыскерлер барлығы түсінікті болса, бірінші бөлімімізден сайысымызды бастаймыз.
I. Таныстыру.     Топтың аты, эмблемасы, ұраны болуы –шарт.
Әр топ өз кезегімен топтарын таныстырады.
(Топтар әр бөлімнің соңында әділ қазылар алқасымен бағаланып отырады)


Полный текст материала Сайыс. Білекті бірді, білімді мыңды жығар. 5-7 сынып. смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен фрагмент.
Автор: Масалимова Гаухар Аскарбековна  gaua
05.11.2012 0 8658 1397

Спасибо за Вашу оценку. Если хотите, чтобы Ваше имя
стало известно автору, войдите на сайт как пользователь
и нажмите Спасибо еще раз. Ваше имя появится на этой стрнице.



А вы знали?

Инструкции по ПК