Игра "Дарабоз"; 2 класс (на казахском языке)


"Дарабоз" - это конкурсная, развивающая, интересная, познавательная, интеллектуальная игра, предназначенная для учеников второго класса. Игра проводится в целях развития у школьников интеллекта и критического мышления. Она способствует улучшению памяти, логики и эрудиции. Инвентарями игры являются заранее подготовленные вопросы. Игра состоит из нескольких этапов. Каждый этап по своему уникален и разнообразен. В следующий этап проходят ученики, получившие самые высокие баллы. В конце игры выявляется лидер, показавший самый лучший результат.  

2 - сынып, 7-8 жастағы оқушылар

Көрнекілік:  

слайд-презентация, шарлар, нақыл сөздер

1. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» Абай;

2. «Адамға тіл,құлақ қандай керек болса..., білім де сондай керек» А.Байтұрсынов.

Мақсаты:

Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынды ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың ой - өрістері, зеректік қабілеттері дамиды. Өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге дағдыланады.

Ойынға қатысушыларға қойылатын талап:

1. Ойынға 2-сынып оқушылары қатысады. Ойын  5 кезеңнен тұрады. Әр сыныптан 2 оқушыдан, жалпы 5 сыныптан 10 оқушы іріктеліп алынады.

2. Ойын шарты әр кезең сайын түсіндіріліп отырылады. Әр оқушы сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беру керек.

3. Әділ қазылар әр кезеңді қорытындылап, ұпай сандарын шығарып отырады.

Интеллектуалды ойынның кезеңдері:

1-кезең: Бәйге

2- кезең: Тіл-өнер

3- кезең: Көкпар

4- кезең: Жеті жұмбақ

5- кезең: Жорға

Ойын барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің үміткерлері!

Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық - өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  бүгінігі бастауыш сыныптар аралығында өзкізейін деп отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бұл сайысты 2-сыныптар арасында озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары,  интеллектуалды  дарынды  дарабозды  анықтау  мақсатымен ұйымдастырып  отырмыз.

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Кім білімді, кім дарынды

Талантты іздеп табайық!

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық!

2 – жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік: оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие  ісінің меңгерушісі, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі, тәрбие ісі бойынша бірлестік жетекшісі.

1-жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Ғылымның биік шыңына,  - деп озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.

2 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік,  өнерпаз білейікші,

Дарабозын, білімнің көрейікші.

Әділ қазы алқасына әділдікті,

Ал, балаларға сәттілікті тілейікші,- деп сайысымызды бастаймыз.

Бәйге. Бұл кезеңде әр оқушыға  6 сұрақтан  қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және нақты жауап беру керек.Тез және дұрыс жауап берген оқушы әр сұраққа 5 ұпайдан алады. Әр кезең сайын оқушылардың жинаған ұпай сандары есептеліп отырылады. Ұпай саны аз болған 3 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Тіл-өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін білмейді, - деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз». Ендеше осы турда сөз мәйегі – мақал –мәтелді ары қарай жалғастыру керек. Әр сайыскерге 2 сұрақ беріледі, әр мақалға 5 ұпайдан беріледі. Ұпай саны аз болған 3 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Көкпар. Тіл-өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды. Бұл кезеңде оқушыға таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 оқушы қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі оқушы одан қалған пәндерді таңдайды т с.с. Пән бойынша оқушы 5 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады, әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Ұпай саны аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Жеті жұмбақ. Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылып отырылады. Сайыскерлерге 3 тақырып беріледі. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген оқушының таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады. Ұпайы аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Жорға. Қалған 2 оқушыға бұл кезеңде  2 конверт ұсынылады. Оқушы А және В нұсқасын таңдайды. Берілген сұрақтарға оқушы 1 минутта жауап беруі тиіс. Соңғы талап екі оқушы «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу керек.

1-жүргізуші:  Ал енді бәйгемізді бастаймыз.

1-кезең: Бәйге

  1. Қойдың төлі қалай аталады? /қозы/
  2. “Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны апарып тауыққа береді.” деген жолдар қай ертегіден алынған? /Мақта қыз бен мысық/                         
  3. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Ойнап босқа күлуге....  өлеңінің авторы кім?  /Абай/

  1. “Әке мен бала” әңгімесінің авторы кім? /Ы. Алтынсарин/
  2. Қазақтың үш биін ата. /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/
  3. Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім? /Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов/
  4. Жылқының төлі қалай аталады?/құлын/
  5. Абайдың шын аты /Ибраһим/
  6. Торғай даласында алғаш қоңырау соққан ұлы ағартушы кім? /Ы.Алтынсарин/
  7. ҚР тәуелсіздік  алған күні /16.12.1991ж./
  8. Қазақстанның атақты суретшісі /Әбілхан Қастеев/
  9. Елтаңбаның авторлары кім? /Ш.Уалиханов, Ж. Мәлібеков/
  10. Ешкінің төлі қалай аталады?/лақ/
  11. Қазақтан алғаш ғарышқа ұшқан кім? /Т.Әубәкіров/
  12. Қазақтың ұлттық аспабы? /домбыра/
  13. Ертеден келе жатқан ұлттық сазды аспапты ата. /қобыз/
  14. Апорт алмасының отаны /Алматы/
  15. Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қазақ қыздары. /Әлия, Мәншүк/
  16. Сиырдың төлі қалай аталады?/бұзау/
  17. Желтоқсан батырлары, тәуелсіздік құрбандарын ата.  /Ләззат Асанова, Қ.Рысқұлбеков...../
  18. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі қалай аталады?/сұлба/
  19. Тудың авторы кім? /Ш.Ниязбеков/
  20. Ұлттық ойындарды ата /асық,..../
  21. Абайдың туған жері /Шығыс Қазақстан Семей/
  22. Түйенің төлі қалай аталады?/бота/
  23. Киіз үйдің ағаштары /кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық./
  24. Көкжиектің неше тұсы бар? /4 - оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс/
  25. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағар/
  26. Қазақстанның тұңғыш президенті /Н.Назарбаев/
  27. Бейбітшілік құсы /көгершін/
  28. ҚР рәміздерін ата./Елтаңба,Әнұран,Ту/
  29. Отан неден басталады? /отбасынан/
  30. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем. - өлеңінің авторы кім? /М.Мақатаев/

  1. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?/аңыз/
  2. “Алтын ұяң – Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөз кімдікі?/Қазыбек би/
  3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?/Ахмет Байтұрсынов/
  4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?/Ақын/
  5. Күзде жылы жаққа кетіп, көктемде қайтып келетін құстар қалай аталады? /Жыл құстары/
  6. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам? /Ы.Алтынсарин/
  7. “Көгінде күн нұрын төккен”деп басталатын өлеңнің авторы кім? /Ө.Тұрманжанов/
  8. Иіс сезу мүшесін ата/мұрын/
  9.  Отан неден де ыстық?/оттан/
  10. “Кімнің мекені жақсы” әңгімесінде нелер туралы айтылады? /Құрбақа,тышқан,құмырсқа/
  11. “Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан” деген жолдар қай өлеңнен алынған? /Күз.Абай/

  1. “Маң-маң басқан, маң басқан” жолдары қай малға қатысты?/түйе/
  2. Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз? /дауысты дыбыстардың санына қарап/
  3. “Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін” деген жолдар кімдікі?/Әйтеке би/
  4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?/жуан,жіңішке/
  5. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.Ол не?/қой/

  1. Үй жануарларын басқаша қалай атауға болады?/мал/
  2. Отбасын кімдер құрайды?/ата-ана, бала/
  3. Мүсінші мысықтың досы болған атақты ғалым?/Ш.Уалиханов/
  4. “Қазақтың бұлбұлы” атанған әнші?/К.Байсеитова/
  5. “Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш” әңгімесінің авторы кім?/Ы.Алтынсарин/
  6. Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. Ол не?/құмырсқа/

  1. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған сөздер?/М.Мақатаев/
  2. “Ұр тоқпақ” ертегісі неше бөлімнен тұрады?/2бөлім/
  3. “Бидай мен қаңбақ” шығарманың қай түріне жатады?/мысал/
  4. Ерте көктемде қар астынан шығатын алғашқы гүлдерді ата?/бәйшешек, жауқазын/
  5. “Қазақ хрестоматиясы” оқулығының авторы кім?/Ы.Алтынсарин/

1-жүргізуші:

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп енді келесі кезеңге көшеміз.

2-кезең: Тіл- өнер

Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. “Тілін білмеген – түбін білмейді”, - деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз. Ендеше осы кезеңде сөз мәйегі – мақал –мәтелді ары қарай жалғастыру керек. Әр сайыскерге 2 сұрақ беріледі, әр мақалға 5 ұпайдан беріледі. Ұпай саны аз болған 3 оқушы келесі турға өтпейді. 

1.Асыл тастан,(ақыл жастан).

2.Мектеп - кеме, (білім - теңіз).

 

1.Жақсыдан үйрен,

(Жаманнан жирен).

2.Сулы жер - (нулы жер).

 

1.Қыз өссе- елдің көркі,

(Гүл өссе- жердің көркі).

2.Әдепті бала- арлы бала,

(Әдепсіз бала- сорлы бала).

 

1.Батыр туса- ел ырысы,

(Жаңбыр жауса- жер ырысы).

2.Отан үшін отқа түс- (күймейсің).

 

1.Білекті бірді жығады,

(Білімді мыңды жығады).

2.Оқусыз білім жоқ,

(Білімсіз күнің жоқ).

 

1.Туған жердің күні де ыстық,

(Түні де ыстық).

2.Батыр бір рет өледі,

(Қорқақ мың рет өледі).

 

1.Шешен сөз бастар,

(Батыр қол бастар).

2.Туған жердей жер болмас,

(Туған елдей ел болмас).

Тіл- өнер кезеңін  қорытындылау. Әділ қазылардан сұрау.

3-кезең: Көкпар.

Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды. Бұл кезеңде оқушыға таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 оқушы қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі оқушы одан қалған пәндерді таңдайды т с.с. Пән бойынша оқушы 5сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады. Ұпай саны аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

№1

Қазақ тілі

№2

Ана тілі

№3

Математика

№4

Дүниетану

Қазақ тілі :

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата./б,в,г,ғ,д,ж,з,һ/
  2. Мәтін дегеніміз не?/мәтін мағына жағынан байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады/ 
  3. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата./л,м,н,ң,р,й,у/
  4. Қазақ тілінде неше әріп бар?/42әріп/
  5. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?/сұрақ қою арқылы/

Ана тілі:

1. Ұлы Абай айтқан 5 асыл, 5 дұшпанды ата./5асыл:талап,еңбек, терең ой, қанағат, рақым.//5дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ./       

2. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ деген сұраққа Жиренше шешен қалай жауап берді?/ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ/.

3. А.Құнанбаевтың анасының аты кім?/Ұлжан/

4. М.Мақатаевтың “Отан туралы” өлеңі қалай аяқталады?/Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.../

5.“Кел,балалар, оқылық!” өлеңі қалай басталады?/Бір аллаға сиынып/

Математика:

  1. 1 м –де неше см бар? /100см/
  2. Екі қыз 2сағат теннис ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат теннис ойнады?/2 сағат/
  3. Бір ғасырда неше жыл бар?/100 жыл/
  4. 26 санында неше ондық, неше бірлік бар?/2 ондық, 6 бірлік/
  5. Көпбұрыштарға нелер жатады?/үшбұрыш, төртбұрыш,.../

Дүниетану:

1. Сезім мүшелері /көз, құлақ, мұрын,тіл,тері/

2.Тірі табиғатқа не жатады?/адам,жануарлар, өсімдік/

3. Судың неше күйі болады?/су, бу, мұз/

4. Өсімдік неше топқа бөлінеді?/ағаш,бұта,шөп/

5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды қалай атаймыз/масштаб/

Көкпар бөлімін қорытындылау.

4-кезең: Жеті жұмбақ.

Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылып отырылады. Сайыскерлерге 3 тақырып беріледі. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген оқушының таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады. Аз ұпай жинаған бір оқушы келесі кезеңге өтпейді.

20

30

40

50

 

20

30

40

 

50

20

 

30

40

50

 

Табиғат- алтын бесік

 

Қызықты математика

 

Ертегілер әлемінде

 

Табиғат- алтын бесік:

20- Гүл- өсімдік ажары,

Гүлдер- жердің базары. Гүлдер өсімдіктің қай тобына жатады?/шөп/                                                 

30-Өсімдік тіршілігі үшін қажетті жағдайларды ата /ауа,су,жылу,жарық,қорек/

40-Қай ағаштардың тұқымдарында ұшатын қанатшалары болады?                  /қайың,жөке,тал,көктал/                                                                                           

50-Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады?/топырақ/

Қызықты математика:

20- Спорт жарысына 30 бала қатысты. Бір командада 10 бала болса,екінші командада неше бала болған?/20 бала/

30-Сағат 22-де жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе? /мүмкін емес/

40- 3 дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды? /3 партия/

50- Раушанның 2 бүтін, 4 жарты алмасы бар. Раушанда неше алма бар? /4алма/

Ертегілер әлемінде:

20-“Мақта қыз бен мысық” ертегісінің авторы кім?/Ы.Алтынсарин/

30-Ертегілердің түрлерін ата /Жан-жануарлар туралы, Қиял-ғажайып, Шыншыл ертегілер/

40-“Ей, арыстан аға! Есектің миын жемес бұрын көлге барып шомылып кел”деген жолдар қай ертегіден алынған?/Аңқау арыстан/

50- “Қасқыр мен түлкі” қай халықтың ертегісі?/Ауған ертегісі/

5-кезең: Жорға. 

Жеті жұмбақта ұпайы аз оқушы шығады.  Қалған 2 оқушыға бұл кезеңде 2 конверт ұсынылады. Оқушы А және В нұсқасын таңдайды. Берілген сұрақтарға оқушы 1 минутта жауап беруі тиіс. Соңғы талап екі оқушы «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу керек.

А- 1.Жақсының  аты өлмейді

Ғалымның несі өлмейді /хаты/

2. Қой атасы кім? /шопан ата/

3. Бір сағатта неше минут бар?/60 минут/

4.1 тәулікте неше сағат бар?/24 сағат/

5. А+37 қандай өрнек? /әріпті өрнек/

6. Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та- деп басталатын өлеңнін авторы кім? /А.Байтұрсынов/

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?/қатаң,ұяң,үнді/

8. “Жағы қалақтай,

Мойны садақтай” деген жолдар қай төлге қатысты?/құлын/

9.Ойсылқара қай малдың пірі?/түйе/

10.Сөйлем неден құралады?/сөзден/

В-1.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің несі кәріп /күні/

2.Жылқының атасы кім?/Қамбар ата/

3.1 жылда неше ай бар?/12 ай/

4.1 аптада неше күн бар?/7 күн/

5.40+30 қандай өрнек?/санды өрнек/

6.Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі- өз тілім!-деп басталатын өлеңнін авторы кім?/Д.Әбілев/

7. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?/37дыбыс/

8.“Ерні жып-жымыр,

Даусы шіп-шіңгір” деген жолдар қай төлге қатысты?/құлын/

9.Зеңгібаба қай малдың пірі?/сиыр/

10.Сөз неден құралады?/дыбыстан/

Соңында 2 оқушы «Біз - Қазақстанның болашағымыз » тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

1-жүргізуші:

Бойларыңда  от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындап шарықтаңдар әрдайым.

2-жүргізуші: Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап,өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете білді.  «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек»,- деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат жігерімен дараланып алға озып шықты.

Осымен «Дарабоз» интеллектуалды ойынын аяқтаймыз.


Полный текст материала Игра "Дарабоз"; 2 класс (на казахском языке) смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен фрагмент.
Автор: Чегебаева Умутнур Курмангазиевна  Публикатор
30.06.2016 0 5726 255

Спасибо за Вашу оценку. Если хотите, чтобы Ваше имя
стало известно автору, войдите на сайт как пользователь
и нажмите Спасибо еще раз. Ваше имя появится на этой стрнице.



А вы знали?

Инструкции по ПК